Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

Туристке де тәртіп бар

1598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын суға шомылу маусымы бастала сала Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіпті күзету жұмыстарына 50 полиция қызметкері тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туристке де тәртіп бар

Олар тәулік бойы көлде демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жағалауды патрульдеу жүргізеді.

Осы күні Алакөл жағалауында 1 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Олардың 820-ы жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу болса, 347-сі қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері.

Азаматтармен суды ортақ пайдалану ережелерін сақтауларына да ерекше көңіл бөлінеді.

«Адамдар шомылатын орындарда 45 адам кіші көлемдегі жүзетін құралдармен жүзгендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық Полиция Департаменті ЖПҚБ басшысы Талғат Нұриев.