Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

Атырауда түрмеге дезодорантқа салынған трамодолды өткізбек болған

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы тергеу изоляторына дезодорантқа салынған 377 трамодол дәрісін өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда түрмеге дезодорантқа салынған трамодолды өткізбек болған

«Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде заңсыз сәлемдеме иесіне жеткен жоқ. Тергеу изоляторына Атырау қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, сәлемдемені әкелген ер адам ұсталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір заңсыз сәлемдеме әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 481-бабымен (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025