16 Қаңтар, 2014

Ақпараттар ағыны

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

*Республикамыздағы ха­лық саны 17 млн. 145 мыңға жет­ті. Олардың 55 пайызы қа­лада, ал 45 пайызы ауылда тұрады.

*21-23 мамыр аралығында өткізілетін VII Астана эконо­ми­калық форумына қатысуға 1000-нан аса адам тіркелген. Олардың қатарында белгілі саяси қайраткерлер, әлемдік деңгейдегі ғалымдар, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

*Халықаралық бүркіт­ші­лер қауымдастығы елі­міз бүркітшілерін 45-ші мерей­тойлық кеңеске қатысуға шақырды. Катар мемлекетінің астанасы Дохада өтетін бұл іс-шара қаңтардың 27-сінен ақпанның  2-іне дейін жалғасады.

*Алматы қаласындағы ту­ристік қызметті оңтайлан­дыру­ға 183 млн. 232 мың теңге бөлінді. Мұны өткен жылғы қаржымен салыстырсақ, 40 млн. теңгеге артық.

*Оңтүстік Қазақстан об­лы­сында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соғыстан оралмаған май­дан­герлердің жесірлері жыл бойы тегін жылумен қамтамасыз етілетін болды. Ол үшін жергілікті билік және «3-Энергоорталық» АҚ, ардагерлер ұйымы үшжақты меморандумға қол қойды.

*Ақтөбе облысында бір ауысымда 500 адамды қа­былдайтын емхана ашылды. Осы нысанды салуға жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге жұмсалған.

*Батыс Қазақстан облы­сындағы тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқарды. Біраз уақыттан бері межелі жеріне жете алмаған азаматтардың  арасында Ресей еліне бет алғандары да бар.

*Елімізде апаттық жағ­дайдағы 182 мектеп бар. Оның басым бөлігі Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы облыстарында орналасқан.

Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды. 

Соңғы жаңалықтар