Аталған шараға қазақстандық телеарналардың, жарнама сатушылардың, салалық қауымдастықтардың, зерттеу компанияларының өкілдері, сондай-ақ медиа-сала сарапшыларының көпшілігі қатысты.
Кемелбек Ойшыбаев өз кезегінде министрліктің қолдауымен өткен жылдан бері өткізіліп келе жатқан медиа өлшеу жүйесін жетілдіру жұмыстарының аралық қорытындысын шығарды. Осылайша, вице-министр өлшеу панельдерінің интеграциялануының арқасында 2021 жылғы мамырда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында онлайн-сервис іске қосылғанын атап өтті және онда кез келген адам нақты уақыт режімінде теле өлшемдердің жедел деректерімен таныса алатынын айтты. «Бір уақытта ауылдық елді мекендерді телеөлшеумен қамту мәселесі пысықталуда», деді К.Ойшыбаев.
Сонымен қатар конференция барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірінші жартыжылдықта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Цифрлық өмір салты – DigitEL» ұлттық жобасына «ауылдық елді мекендердің көрермендер аудиториясын медиа өлшемдер жүйесімен қамту үшін өлшеу панелінің болуы» көрсеткішін және оған сәйкес «ауылдық елді мекендердің көрермендер аудиториясын медиа өлшемдер жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру» іс-шарасын енгізу мәселесі пысықталғаны туралы ақпарат айтылды.
Онлайн-конференция талқылау форматында болып, қатысушылар арасында өзара кәсіби пікірталас өтті. Сөйтіп, аталған телеөлшемдердің құбылмалылығы мәселесі бойынша Екатерина Кочева (31 арна) сөз сөйледі. Сондай-ақ Ләззат Сүйіндік («Хабар» АҚ) телеөлшеулер жүйесін жетілдірудің маңыздылығы туралы айтса, Дильмурад Рахимов (International Media Service) медиа-жарнама индустриясына қатысушылардың өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін қозғады, ал Татьяна Старцевая (TNS Central Asia) телеөлшеулерді ұйымдастыру мен өткізудің ағымдағы тәсілдері туралы айтты. Ал Андрей Бояринов (MediaHills) «Қазіргі таңдағы телеөлшеулерді ұйымдастыру және өткізу тәсілдеріне» тоқталды.
Іс-шара соңында Кемелбек Ойшыбаев конференцияның барлық қатысушылары аталған мәселе бойынша бір бағытты ұстанатынын және бұл талқылау елімізде медиа өлшеу жүйесінің қалай дамитынына барлығының бейжай қарамайтынын көрсетіп бергенін жеткізді.
Ол министрлік Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстар мен сұрақтарға жауап беруге әрдайым дайын екенін айтты.