Елорда • 06 Тамыз, 2021

Елордалық студенттер жаңа оқу жылында қалай оқиды?

3329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында оқу орындарының ректорларымен алдағы оқу жылына дайындық барысын талқылағанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық студенттер жаңа оқу жылында қалай оқиды?

«Бір айдан соң оқушылар мен студенттер үшін жаңа оқу жылы басталады. Оқу орындарын оффлайн форматта қайта ашу үшін қалада ауқымды вакцинация жүргізіліп жатыр. Вакцинация өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті дер кезінде қалыптастыра отырып, қалыпты өмірге орала аламыз.

Университет ректорларымен эпиджағдайды ескере отырып, жаңа оқу жылына дайындық талқыланды. 11 (қалада барлығы 17) жоғары оқу орнында «Ashyq» жобасы орнатылған, ол оқытушылар мен студенттерді қауіптен қорғауға мүмкіндік береді. Қалған университеттер де «Ashyq» жобасына қосылуы керек. Сонымен қатар оқу орындарын санитайзерлермен жабдықтау, медициналық пунктердің жұмысын күшейту, студенттер ағынын үйлестіруді ұйымдастыру және т.б. қажет.

Оқытушылар мен студенттер (18 жастан асқан) екпе алуы тиіс. Ұжымдық иммунитет қалыптаспай, коронавирустың таралу ошақтары пайда болса қашықтан оқытуға қайта көшуге мәжбүр боламыз.
COVID-19 статистиканың артында әрбір адамның өмірі тұрғанын түсінген жөн! Екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!», деп жазды елорда әкімі.