Қоғам • 06 Тамыз, 2021

Жануарларға жанашырлық танытпайтындар көбейді

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алты ай ішінде республикада жануарға қатыгездік танытудың 33 фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,5%-ға көп, деп жазады Egemen.kz.

Жануарларға жанашырлық танытпайтындар көбейді

Ranking.kz жазуынша, заңсыз аң аулау деркгі де көбейіп, 48-ге жеткен.

Балық ресурстарын, басқа су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алудың 132 фактісі, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларға қатысты 135 қылмыс тіркелді.

Сонымен бірге экологтар да зардап шекті. Мәселен, биыл жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, аңшыға қатысты 3 зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқаны үшін нақты жаза қарастырылған заң жобасы әзірленді. 
Онда жануарға бұзақылық ниетпен немесе өлімге немесе жарақатқа әкеп соқтыратын, ауыртпалық пен азапқа душар еткен қатыгез қарым-қатынас жасағаны үшін 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, түзеу жұмыстарына немесе қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру да бар.