Медицина • 06 Тамыз, 2021

МӘМС: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3,5 млрд теңге жарна түсті

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері медициналық сақтандыру үшін 23,2 млрд теңге жарна аударған, ал шілде айында МӘМС үшін 3,5 млрд теңге жарна түсті, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

МӘМС: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3,5 млрд теңге жарна түсті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 шілде аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 81,3 млрд теңгені құрады.

«2021 жылдың шілде айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,5 млрд теңге жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна 1,9 млрд теңгеге жуық. Осы жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша 12740 адам бірыңғай жиынтық төлем(БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы,сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталадыда, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады», дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда кері байланыс арналары Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @saqtandyrybot телеграмботы, 1406 байланыс орталығы, Қордың fms.kz сайты арқылы Қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.