«Атырау-Доссор» бағытындағы жол бойында «КамАЗ» бен «ВАЗ-21015» көлігі соқтығысқан. Жүк көлігін 52 жастағы азамат басқарған, ал, жеңіл көліктің рулінде 17 жасар бозбала болған. Жол-көлік оқиғасынан кәмелет жасына толмаған жүргізуші көз жұмды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.