Қытайда тағы бір қандасымыз қалың елді мойындатты. Күнбике есімді қазақ қызы жақында өткен бүкілқытайлық қыз сыны байқауының бас жүлдесін иеленді. Бұл туралы Nur.rz сайты хабарлады.
Аталған дәстүрлі байқау Қытайды мекен ететін 56 ұлт өкілі арасында өткізіледі. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл арулар байқауына қазақ қызы тұңғыш рет қатысқан-ды. Әйтсе де, талантымен қытайлардың таңдайын қақтырған қазақ аруы «56 ұлттың гүлі» деген атаққа ие болды. Күнбике жастайынан Қытайдың бас телеарнасында жүргізуші болуды армандаған. Миллиардтан астам халық арасынан суырылып шығу оңай емесін ұққан ол арманына қол жеткізуге бала кезінен дайындалыпты.
Сайысқа қатысушылар қытай тілі мен өз ана тілін меңгеру, өз ұлтын таныстыру, сонымен қатар ән,би өнерін көрсетуден сынға түскен. Күнбике барлық айналымда өзгелерден басым түсті. Әсіресе, қытай тілінде сөйлеуден олардың өздерінен асып түскен.
Думан Диуани.
Дереккөз: Nur.kz
Фото: Nur.kz.