Қазақстан • 06 Тамыз, 2021

Алматының тау шыңына Димаштың есімін беру ұсынылды

607 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Іле Алатауы тауларындағы атаусыз тау шыңдарын Әлия Молдағұлова мен Қасым Қайсенов секілді Қазақстанның көрнекті тұлғаларының атымен атау ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz TengriMIX-ке сайтына сілтеме жасап.

Алматының тау шыңына Димаштың есімін беру ұсынылды

Идеяның бастамашылары Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қолдауымен «Киров» әскери - патриоттық клубында жаттығатын Қорғаныс министрлігінің «Жас сарбаз» қозғалысының жас әскери-балалары болды. Олар Алматы тауларында аты аталмаған тоғыз шыңды ашып, оларға ҰОС батырлары мен басқа да танымал қазақстандықтардың есімдерін беру туралы ұсыныс жасады.

«Біз Әлия Молдағұлованың шыңы неге жоқ екеніне таң қалдық. Балалар маған осы сұрақты қойғанда не деп жауап берерімді білмедім. Мен бұл мүмкін емес деп ойладым. Олар атаусыз шыңдарды іздей бастады, карталарды көтерді. Біз істі түзету керек деп ойладық», деді клуб жетекшісі Бақытжан Перімбетов.

Жас әскерилер шыңдарды Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Димаш Құдайберген және басқа да көрнекті тұлғалардың құрметіне атау жөнді болар деген ойларын білдірді.

шыңдар

«Менің ойымша, біздің даңқты отандастарымыз бұған лайықты. Атаулар шыңдардың сұлулығы мен биіктігі бойынша таңдалды, олардың кейбіреулері төрт мың метрден асады», деді орта мектеп оқушысы.

Қазір жас әскерилер клуб басшысымен бірлесіп тоғыз аты жоқ шыңдарға бағыт-бағдар орнатумен айналысуда. Жас армияшылардың бастамасын іске асыруға Алматының әскери комитеттері мен мектептері қатысады, олар әрбір шыңға орнатылатын тот баспайтын болаттан жасалған тақтайшаларды дайындауға көмектеседі.

Әрбір шыңның нақты биіктігін белгілеп, картаға деректерді енгізгеннен кейін географиялық мәліметтер ономастикалық комиссияға ақпарат беретін әкімдікке жолданады.

Іле Алатауы тауларындағы шыңдар өз атауын осы жылдың қыркүйек айында алады деп күтілуде.