Өнер • 06 Тамыз, 2021

Биыл Қазақстанда 89 мәдениет нысаны салынады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің басшылығымен өткен «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысында айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Қазақстанда 89 мәдениет нысаны салынады

Көрнекі сурет

«Биыл елімізде 89 мәдениет нысанының құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 12 – Түркістан облысында, 10 – Жамбыл облысында, 9 – Алматы облысында, 7 – Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 6-дан – Ақтөбе және Қызылорда облыстарында, 5-ден – Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында, 4-ден – Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, 3-ден – Атырау және Қостанай облыстарында, 2 – Алматы қаласында, 1 – Нұр-Сұлтан қаласында», деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.