Экономика • 06 Тамыз, 2021

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы артты

1191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артып, $36,4 млрд құрады, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы артты

Бұл ретте шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 23,4%-ға өсіп, $7,2 млрд құрады.

Ең жоғары өсім металлургияда - 27,5%, құрылыс индустриясында - 25,8% фармацевтика саласында - 18,4%, химия өнеркәсібінде 4,6% деңгейінде байқалады.

АӨК өңделген өнімінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға өсіп, $545,8 млн немесе АӨК экспортының жалпы көлемінің 33%-ын құрады.

Экспорт құрылымында ұн мен макарон өнімдері, өсімдік майлары, мақта талшығы, ет және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер секілді тауарлар басым.

Үкімет басшысы индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы министрліктеріне ішкі нарықты және экспорттық әлеуетті дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өңдеу өнеркәсібі өнімдері өндірісінің жеткілікті көлемін қамтамасыз етуді тапсырды.