16 Қаңтар, 2014

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» плей-офф кезеңіне шықты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

450 52d5ff14734b5

Құрлықтық хоккей лигасының «Шығыс» конференциясында Астананың «Барыс» командасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Плей-офф кезеңіне «Батыс» және «Шығыс» конференциясында алғашқы сегіз орынды алған командалар ғана шыға алады. Астаналықтар 9-орында тұрған Владивостоктың «Адмирал» командасы Чехияның «Лев» клубынан ұтылғаннан кейін, уақытынан бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды. Өйткені, қалған ойындарында қандай жағдай болмасын «Барыс» сегіздіктің қатарында қала береді. Қазір «Шығыс» конференциясында екінші орында келе жатқан  «Барыста» 44 ойыннан кейін 88 ұпай бар.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://www.khl.ru/

Соңғы жаңалықтар