Спикердің айтуынша, қаладағы жағдай ушығып тұр, тәулігіне 1500-ден астам жағдай тіркеліп, сәйкесінше ауруханаға жатқандар саны көбейіп келеді.
«Дельта» штаммының айырмашылығы – оның тез жұғатындығы мен науқас жағдайының тез нашарлап, көбінесе ауруханаға түсуінде болса, тағы бір ерекшелік – бұл жастарға тез жұғады. Бүгінде қалалық стационарлардағы 40 жасқа дейінгі жастар 23%-ды құрайды. Сонымен қатар, 200-ден астам бала ауруханаға жатқызылды», дейді Н. Табынбаев.
Ол үй карантинінде 10 888 науқастың жатқанын, олардың 1600-і 14 жасқа дейінгі балалар екенін айтты. Стационарларда 5 156 адам ем алуда. Қазіргі кезде стационарлардың жүктемесі шамамен 67%-ды құрайды. Аса ауыр жайдағы науқастар саны – 190 адам, ауыр жағдайда – 1 368 адам, реанимацияда жатқандар – 385 адам .
«Өздеріңіз білесіздер, Алматы стационарлары 3 эшелонға бөлінген. Біріншісінде 3 950 төсек-орын, екіншісінде 1995, үшіншісінде – 1100 төсек-орын бар. Егер қаңтар мен ақпанда орта есеппен 30-40 науқас ауруханаға жатқызылса, қазір 700 адам қабылдануда, бұл 23 есеге көп. Мұның барлығы салыстырмалы түрде жағдайдың ушығып тұрғанын көрсетеді, науқастар ауруханаға жаппай жатқызылуда. Егер бұрын журналистер «Неге ауруханалар жартылай бос тұр?» деп сұрақ қойса, қазір олар «Неге орындар жетіспейді?» деп үнемі сұрайды», деді Алматы ҚДБ басшысы.
Н. Табынбаевтың айтуынша, мұның бәрі қаладағы емдеу мекемелерінің инфрақұрылымына, медицина қызметкерлеріне үлкен жүктеме түсіреді. КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеуге көп қаражат бөлінеді – дәрі-дәрмектерге, стационарлық күтімге, ПТР-тестілерге және әр түрлі тексерулерге. Кейде мұның бәрі жедел жәрдемнің кешігуіне әкелуі мүмкін. Күн сайын жедел жәрдемді КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 35%-ы шақырады. Ауруханалардың «қарбалас кезі» – сағат 12-ден 14-ке дейін және сағат 20-дан 22-ге дейінгі аралықта 130 пациент жеткізіледі.
«Коронавируспен күрестің басты тәсілі вакциналау болып қала береді. Қалада 755 мың азаматқа бірінші компонент салынды, бұл жоспарланған көлемнің 60%-ын құрайды. Вакцинаның екінші компонентін 560 мың алматылық қабылдады. Қалада вакциналардың жеткілікті саны бар екенін атап өткім келеді. Спутник-V - 12 848 доза, қазақстандық вакцинаның 1600 дозасы бар. Күн сайын 7-8 мың қала тұрғынына бірінші компонентпен вакцинацияланады, ал екінші компонентін 12-13 мыңдай адам алды», деді Н. Табынбаев.