
Жапонияның «Taisei Coins Corp» нумизматикалық компаниясы Сочиде өтетін Олимпия ойындарына арналған монеталарды сатып алуға брон қою басталғанын жариялады. Бұл туралы egemen.kz і хабарлады.
Қысқы спорт түрлері бейнеленген алтын және күміс монеталар 20 қаңтардан бастап сатылымға шығарылады. Осы кезден бастап жапон банктерінде үш алтын медальдан тұратын жиынтық 2 750 доллардан, ал үш күміс монета 420 доллардан, алтын монеталардың 1 данасын 920 доллардан сатылымға шығару жоспарлануда.
Осыдан басқа компания интернет арқылы да қысқы спорт түрлері мен спорт нысандары бейнеленген салмағы 1 және 3 кило болатын алтын, күміс монеталарды ұсынады.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: http://www.sochi2014.com/