16 Қаңтар, 2014

Қысқы спорт: Юлия Галышева бестіктен көрінді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Galysheva

АҚШ-тың Лэйп Плэсиде қаласында фристайлден өткен Әлем кубогының кезеңінде могул жарысы бойынша сынға түскен қазақстандық спортшы Юлия Галышева бесінші орынды иеленді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Әлем кубогы кезеңінің жалпы есебінде Галышева 180 ұпаймен алтыншы орынға шықса, тағы бір қазақстандық спортшы Дарья Рыбалова 40 ұпаймен 25-орында тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Юлия Галышева Сочи Олимпиадасына алғашқылардың бірі болып лицензия алған спортшымыз.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: www.kazsports.kz

Соңғы жаңалықтар