Оқиға • 07 Тамыз, 2021

Өскеменде жер сілкінісі болды

891 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде жер сілкінісі болды

Алматы уақыты бойынша сағат 09:01-де «ҚР БҒМ ҒА СТӘЭ» ММ сейсмикалық бекеттер желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 847 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1. Магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 10 шақырым. Өскеменде сезілуі 2-3 балл болған.