Бүгін еліміздің төрт облысы аумағында жолдар жабылды. Қазіргі таңда Астана қаласынан Қостанай, Қарағанды, Көкшетау бағыттарына қарай жолдар жабық. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Ұйтқи соққан боранға байланысты, Ақмола облысы бойынша Екатеринбург-Алматы жолының Жалтыр мен Астана, сонымен қатар Астана мен Аршалы учаскесінде қозғалыс шектелді. Ал Астана- Петропавл жолының Астана мен Бурабай бағытындағы аралығы жабылды. Қарағанды облысында Екатеринбург-Алматы жолының Теміртау мен Ақмола облысы шекарасы аралығында қозғалыс тоқтатылған. Сондай-ақ Ақтөбе облысында Самара-Шымкент жолының Ақтөбе мен Қызылорда облысы аралығында да жолдар жабылған. Қостанай облысындағы Жезқазған-Петропавл жолының Қарағанды және Ақмола облысы аралығындағы қозғалыс шектеулі.Осыған орай, бүгінгі күні республика бойынша 500-ден астам арнайы техника кезекшілікке шыққан.
Думан Диуани.
Дереккөз: Хабар агенттігі
Фото: Otyrar.kz.