Қазақстан • 07 Тамыз, 2021

Праганың орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы ерекше аталып өтті

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 тамыз күні Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінің, «Қазақстанның Достар Клубының» әрекеттесуімен Влтаваның бойындағы «Прага» кемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған серуен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Праганың орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы ерекше аталып өтті

Шақырылған қонақтардың арасында әрістер, Чех Республикасының БАҚ өкілдері және қазақ студенттері қатысты.

Қазақстандық дипломаттар өз сөздерінде қонақтарға еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктері туралы, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Кеменің арнайы мерекелік безендірілген палубасында қонақтарды ұлттық киім киген қазақстандық студенттер қарсы алды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған түрлі-түсті безендірілген экспозицияларды және сонымен байланысты шағын көрмені ұсынды.

Еліміздің студенттері ұлттық әуендерді домбырада орындап, музыкалық концерт қойып берді.