
Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясында су тасқыны орын алып, 13 адам қаза болды. Тағы екі тұрғын із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы «Аргументы и факты» газетінің интернет басылымы хабарлады.
Сулавеси аралының солтүстік бөлігін түгел су басып қалған. Соның салдарынан 40 мыңдай адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Бірнеше күн бойы нөсерлеп жауған жаңбыр тасқынның күшейуіне әсер етті. Сулавеси провинциясының әкімшілік орталығы саналатын Манадо қаласында төрт өзен арнасынан асып, шаһардың біраз бөлігі мен 4 көпірді су шайып кеткен. Кейбір жерлерде лай көшкіні жүріп, бірнеше үйді басып қалған.
Мамандардың айтуына қарағанда, тасыған судың деңгейі жақын арада түспейтін көрінеді. Құтақарушылар апат аймағында қалған тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруде.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Aif.ru
Фото: Moscow-post.ru