16 Қаңтар, 2014

Бостондағы Қазақстан студенттеріне қатысты сот мерзімі белгіленді

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 01 - Carnaev

Бостондағы марафон кезінде жарылыс ұйымдастырды деп айыпталып отырған Джохар Царнаевтың достарына қатысты сот ісі 2014 жылғы 23 маусымға белгіленді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

АҚШ билігі Қазақстан студенттері Азамат Тажаяқов пен Диас Қадірбаевқа айғақтарды жоюға әрекеттеніп, тергеу амалдарына бөгет жасады деген айып тақты. Тергеу деректеріне қарағанда, теракттан үш күн өткеннен кейін олар Царнаевтың ноутбугі мен ператехникалары бар сөмкені лақтырып жіберген. Болжам бойынша, олар жаңалықтардан Царнаевтың суретін көріп, оның терактқа қатысы бар екенін түсінген соң қолдарындағы айғақтардан құтылуға кіріскен. Кейіннен ол сөмке қоқыс жәшігінен табылды.   

Тажаяқов пен Қадірбаевқа 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қауіпі төніп тұр. Олар айғақтарды жоюға әрекеттенген деген айыпты мойындаудан бас тартты.

Царнаевтың тағы бір досы, Робел Филлипосқа ФБР тергеушілеріне жалған мәлімет берді деген айып тағылды. Ол да өз кінәсін мойындаудан бас тартуда.   

Тажаяқов, Қадірбаев пен Филлипостың соты бір-екі аптаға созылады деп күтілуде. Бұлардың барлығы Царнаевпен Дартмут қаласындағы Массачусетс университетінде оқып жүріп танысқан. АҚШ билігі студенттерді жоспарланған теракт жөнінде білмеген және оны дайындауға қатыспаған деп есептейді.    

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Vestikavkaza.ru

Соңғы жаңалықтар