Жақында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 2 борышкер Қылмыстық Кодекстің 139 бабына (алимент төлеудан жалтару) сәйкес кінәлі деп танылып, 1 жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау қойылып, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды. Үкімдер заңды күшіне енді.
Борышкерлердің алимент бойынша берешек сомалары тиісінше 924 733 теңгені және 1 653 260 теңгені құрады. Олар бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлемеген.
Биылдың бірінші жартысында құқық қорғау органдары 76 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғап, оның 7-еуі «көкек әкелердің» берешек сомасын іле толық төлеуіне орай тоқтатылған.
Сонымен қатар тұрақты негізде борышкерлерді жұмысқа орналастыру іс-шаралары өткізілуде. Өткен алты айда 230 борышкер жұмысқа орналастырылған. Осылайша, Әділет департаменті атқарған жұмыстың нәтижесінде проблемалы алимент төлемеушілер саны 12 пайызға азайған.
«Егемен-ақпарат»