Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

ШҚО-да бақылау бекетінен есірткі өткізбек болған адам ұсталды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО-да қызметтік ит бақылау бекеті арқылы марихуана өткізбек болған адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап..

ШҚО-да бақылау бекетінен есірткі өткізбек болған адам ұсталды

Фото Polisia.kz

Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Шемонаиха қалалық «Рубеж» стационарлық бақылау бекетінде Toyota автокөлігін тоқтатқан.

Автомобиль салонын тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті 43 жастағы жолаушының қалтасына белсенді белгі берген. Тексеру барысында одан өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті түйіншек тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 3,41 грамм «кептірілген марихуана» есірткісі болып шықты. Ұсталған азамат - Өскемен қаласының тұрғыны. Ол бұл затты Уба өзенінің жағасынан өзі пайдалану үшін жұлып алғанын түсіндірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.