17 Қаңтар, 2014

Өңірлік даму үйлесімділігі

410 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекеттік және салалық басқару буындары алдына жаңа талаптар мен тың міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуге баса назар аударылып, мемлекеттік органдардың бұл саладағы жұмыстарын үйлестіру қажеттігі атап көрсетілгені мәлім.

Мемлекеттік және салалық басқару буындары алдына жаңа талаптар мен тың міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуге баса назар аударылып, мемлекеттік органдардың бұл саладағы жұмыстарын үйлестіру қажеттігі атап көрсетілгені мәлім.

Сөз арасында мемлекеттік және салалық барлық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерімен шешуді үйлестіру басты талап ретінде қойылып отырғанын атап өткен жөн. Өйткені, елдің жалпы дамуын өңірлерсіз көзге елестетудің өзі қиын. Осы орайда, Өңірлік даму министрлігінің құрылуы ел өңірлерінің тиімді және тұрақты алға басуының басты буыны әрі локомотиві болып табылары анық.

 Өңірлерді дамытудың бірінші дәрежелі құжаты Елбасының арнайы Жарлығымен бекітіліп, 2020 жылға дейінгі ке­зеңді қамти­тын аумақтық-к­е­ңіс­тік бол­жам­ды кестесін түзіп берді. Оның негізгі мақсаты әрбір өңір мен саланың әлеуметтік-эко­­номи­ка­лық әлеуетінің дамуы мен тиім­ді пайдаланылуы негізінде ха­лық­тың әл-ау­қа­ты­ның өсуін қамтамасыз ету­ді діттейтіндіктен, ауылдық ай­­мақ­­тардың нақты міндеттері мен негізгі стра­те­гиялық басым бағыттарын белгілеу басқару сапасына да жаңалықтар әкелері сөзсіз. Біз өңірлерді дамытуды қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыра отырып, облыс аумақтарын дамыту жобаларымен үйлестіруді қамтамасыз етіп келеміз. Ол жан-жақты сипаттылығымен де бөлектенеді. Экономиканың нақты секторын, әлеуметтік саланы өркендету, тиісті аумақтарға мемлекеттік қызметтер мен инфрақұрылымдар ұсыну жөнінде кешенді шаралар қарастырылған. Түпкі мәні тұрғындардың өмір сапасын арттыру болып табылады. 2015 жылға таман жалпы өңірлік өнім көлемін 749,6 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Сонда 2009 жылға қарағанда нақты өсім 19,7 пайызға ұлғаятын болады. Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігі мониторингтеу және бағалау арқылы айқындалып, жылына бір мәрте жүзеге асырылады. 2012 жылғы мониторингтеу нәтижесі бойынша экономика дамуының барлық салалары мен бағыттары және мемлекеттік қызметтер ұсыну бойынша 27 индикатор және 91 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді. Талдау көрсеткендей, аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру облыс экономикасының өсуіне, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға үлкен ықпал тигізіп отыр. Өңір дамуының интегралдық көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 5,3 пайызға артып, 262,9 миллиард теңгені құрады. Жан басына шаққанда 454,3 мың теңгенің тауарлары өндіріліп, қызметтері көрсетілді. Бұл өткен жылғыдан 15,3 пайызға артық. Алдын ала шаралар қабылдау нәтижесінде 23 индикатор мен 59 нәтиже көрсеткіші бойынша жоспарлы тапсырмалар ойдағыдай орындалды. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша индикаторлар мен көрсеткіштердің жоспарлы нәтижелерін аяқсыз қалдырған салалар тізбегі нақты айқындалып, нақты шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асырудың екі жылында, оның ішінде, «Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экономикалық дамуына жәрдемдесу» атты екінші бағы­ты аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды қол­дау мақсатымен көшелерді жа­рық­тандыру, көгал­дандыру, заңсыз үйінділерді жою, қатты тұрмыстық қалдықтардың полигон­дарын, мал қорымдарын белгілеу, балаларға ар­налған аулалық ойын алаңдарын орнату, әлеу­меттік сала нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеу, кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу мәселелері бойынша 372 жоба қолданысқа енгізіліп, республикалық бюджеттен 315,8 миллион теңге бөлінді. Алдағы үш жылда бұл мақсаттар үшін 935 миллион теңге қарастырылған.

Мемлекет тарапынан жасалып жатқан ауқым­ды шаралар ауылдық аумақтар дамуы­ның тұ­тас­тай жүйесін жасауға, жергілікті атқару­шы органдардың қаржылық әлеуетін тиімді пай­да­лануға мүмкіндік берері сөзсіз.

 Айгүл ӨТЕУЛЕНОВА,

 Солтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Соңғы жаңалықтар