Экология • 09 Тамыз, 2021

Экологтар Ақтаудағы жағымсыз иістің себебін анықтады

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Lada.kz хабарлауынша, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті жедел мониторинг жүргізді. Себебі қала тұрғындары жағымсыз иіске және ауадағы күкіртті сутектің жоғарылауына байланысты өзін нашар сезінетіні туралы бірнеше рет шағымданған, деп жазады Egemen.kz.

Экологтар Ақтаудағы жағымсыз иістің себебін анықтады

Фото: облыстық экология департаментінен

Департамент мамандары жағымсыз иістің Қошқар ата қалдық қоймасы аумағындағы ескі полигоннан шығып жатқанын анықтады.  

Полигонды қара металл қалдығын іздеушілер қазған, нәтижесінде жағымсыз иіс шығып, ауаға тараған.

Мамандар ауаға зертханалық талдау жүргізіп, зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асып кеткенін анықтады.

«Полигондар эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Олар қоршаған ортаны ластаудың бірден-бір көзі болып отыр. Сасық иіс желмен ұзақ қашықтыққа таралады және бірнеше шақырым радиуста бүкіл тіршілікті уландырады. Тіпті адам улануына әкелуі мүмкін. Түсіп жатқан шағымдардың көптігі осыны білдіреді. Бұл аймақтар адам денсаулығы үшін улы және қауіпті. Ал өндірілген металға келсек, олар жарамсыз болуы мүмкін», дейді экологтар.