«Жеңістеріңіз үшін көп рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруды нәсіп етсін!», деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына.
Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Токио-2020 жазғы Олимпиадасынан алтын медальсіз оралды. Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары сегіз қола медаль жеңіп алды. Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло (ауыр атлеттер), Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов (боксшылар), Нұрислам Санаев (еркін күрес), Дархан Асаділов пен Софья Берульцева (каратэ) жеңіп алды.