Елорда • 09 Тамыз, 2021

Елордада карантин талаптарын бұзған 45 мекеме анықталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан мониторинг топтары тәулік бойы күшейтілген режимде қаланың кәсіпкерлік нысандарын аралап, карантин талаптарының сақталуын тексеріп жүр, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада карантин талаптарын бұзған 45 мекеме анықталды

Фото қала әкімдігінің ресми сайты

8 тамызда Нұр-Сұлтанда 11 кәсіпкерлік нысаны карантинді бұзды.

Алматы ауданында «Киш Миш» кафесінде, «ЧБД» түнгі клубында, «Панаехали» және «Сова» барларында карантин режимі сақталмаған. 

Қоғамдық тамақтану орындары үшін белгіленген жұмыс кестесі Есіл ауданында орналасқан «Lavash Food» және «Bobber Bri» жылдам тамақтану нысандарында, сондай-ақ «Pavilion» мейрамханасында сақталған жоқ. Сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілер маска режимін сақтамағаны анықталды.

Сарыарқа ауданында карантин бұзушылар тізіміне «El plaza» мейрамханасы, «Карима» кафесі, «Kega mucic bar» бары енді.

Сондай-ақ, Байқоңыр ауданында орналасқан «Xalva» мейрамханасында шектеу шаралары сақталған жоқ.

Осылайша, 6-8 тамыз аралығында Нұр-Сұлтанда үш күн ішінде 45 мекеме карантин шектеулерін бұзды.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері қоғамдық тамақтану нысандарына келушілерді қабылдауға тыйым салынады. Осыған қарамастан, кейбір кафелер мен мейрамханалар есігін іштен жауып алып той өткізген.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шара қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.