Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

Алакөлдегі апат

822 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 тамызда Алакөлде Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу және көлік құралын (гидроциклді) пайдалану салдарынан үрлемелі су матрасымен соқтығысып, салдарынан Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алакөлдегі апат

Оның 2010 жылы туған кәмелетке толмаған қызы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Үржар аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі бойынша мән-жайларды зерттеу, тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Сонымен қатар гидроциклдің иесі, Үржар ауданының 31 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 306-бабы 3 - бөлігі бойынша, яғни, абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де ақпараты жария етуге жатпайды.