Коронавирус • 09 Тамыз, 2021

«Қоңыр қызыл» аймақтағы кей нысандардың жұмыс уақыты өзгерді

889 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «қоңыр қызыл» аймақтарда сауда-ойын-сауық орталықтары 9 тамыздан бастап қандай режиммен жұмыс істейтіні туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Қоңыр қызыл» аймақтағы кей нысандардың жұмыс уақыты өзгерді

2021 жылғы 29 шілдеде «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №33 Қаулысы (бұдан әрі – №33 БМСДҚ) қабылданды.

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне (№33 БМСД-ға 4-қосымша) сәйкес СОО «жасыл» және «сары» аймақтарда шектеусіз жұмыс істеу режимімен жобаға қатысуға жіберілді, «қызыл» аймақтарда сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, «қоңыр қызыл» аймақта сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсете алады.

Бұл ретте, №33 БМСДҚ-ның 9-тармағына сәйкес 2021 жылғы 2 тамыздан бастап 5 өңірде – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізілді.

№33 БМСДҚ-ның 11-тармағына сәйкес тиісті аумақтағы көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер «Ashyq» жобасын іске асыру мәселелері бойынша аталмыш Қаулыны басшылыққа алады және «жасыл», «сары», «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы емес.

Сонымен қатар «қоңыр қызыл» аймақтарда 2021 жылғы 9 тамыздан бастап «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, басқа нысандарға («Ashyq» қатысушыларына) сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілді.