Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

Карантин талабын бұзғандар бес тәулікке қамалуы мүмкін

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин талаптарын бұзған және мобильдік топқа бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қарағандыда екі ер адамды бес тәулікке дейін қамауға алу немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл күтіп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Карантин талабын бұзғандар бес тәулікке қамалуы мүмкін

8 тамызда «109» телефонына Ш.Жандарбекова көшесіндегі саяжайда салтанатты іс-шара өтіп жатқандығы туралы хабарлама тіркелді. Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің мобильді тобы, әкімдік пен СЭС өкілдері келді. Карантиндік нормаларды бұзу фактісін тіркеу кезінде үйдің 50 жастағы иесі мен оның 54 жастағы ағасы мобильді топ мүшелеріне кедергі келтірді.

«Қазіргі уақытта ӘҚБтК-тің 667-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап бойынша, тәртіп бұзушыларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Материал соттың қарауына жіберілді», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметі.