Коронавирус • 09 Тамыз, 2021

Атырауда жансақтау бөлімінде 95 науқас жатыр

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы жансақтау бөлімінде қауіпті вирусқа шалдыққан 95 науқас оқшауланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жансақтау бөлімінде 95 науқас жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, инфекциялық стационарларда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 676 науқас емделіп жатыр.

«Қазір 3 012 төсек-орны бар стационарлардағы жүктеме 55,6%-ды құрайды. Ал, 114 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 95 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 83,3%-ға жетті», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.