Іnstagram желісінде жарияланған ақпаратта оқиғаның кеше болғаны айтылады.
«Шамамен сағат 21:00-де Сарайшык 5/1 көшесінде қылмыстық оқиға орын алды. Куәгерлердің айтуынша, 40-50 жас шамасындағы мас адам мүгедек қызды зорламақ болған. Оқиға орнында болғандардың айтуынша, қыз церебралды сал ауруына шалдыққан», деп жазылған әлеуметтік желіде.
Бұл мәліметті Нұр-Сұлтан қаласы Полция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Полицияға үйдің 29 жастағы тұрғынын үй кіреберісінде белгісіз ер адам зорлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», деп жазылған департаменттің ресми ақпаратында.