Әлем • 10 Тамыз, 2021

Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz CCTV телеарнасына сілтеме жасап.

Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

CCTV телеарнасының хабарлауынша, 9 тамызда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Қызылсу облысы Артуш қаласында 4,8 балдық жер сілкінісі болды.

Зілзала 15 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 40,09 градусында және шығыс бойлықтың 75,95 градусында болды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алайда, оқиғаға байланысты кейбір пойыздар қозғалысын тоқтатты. Жергілікті теміржол көлігі басқармасы тексеру жүргізуде.