17 Қаңтар, 2014

Қайта қоныстануда

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінде авиатехникалар мен әскери қызметшілердің жаңартылған «Талдықорған» әскери ұшақжайына қайта қоныстануы басталды. Жеке құрам мен авиациалық техника ұшу алаңының толық жөнделуінен соң туған авиабазаға қайтып оралды.

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінде авиатехникалар мен әскери қызметшілердің жаңартылған «Талдықорған» әскери ұшақжайына қайта қоныстануы басталды. Жеке құрам мен авиациалық техника ұшу алаңының толық жөнделуінен соң туған авиабазаға қайтып оралды.

45 жыл бойы пайдаланылған әскери ұшақжайға бірінші рет қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қорғаныс министрі Қазақстан әскери-әуе күштерінің ұрысқа қабілеттілігіне және әс­кери авиацияның ұшу қауіп­сіз­дігіне баса назар аударып оты­­рады. Қорғаныс ведом­с­т­во­­сы басшысының тапсыр­ма­­сы бойынша құрылыс жұ­мыс­­тары барысында ұшу-қону ала­ңы толық ауыстырылды. Алаң жақтауларына күрделі мет­ро­логиялық жағдайларда және түн мезгілінде ұшу қауіп­сіздігін қамтамасыз ететін жаңа жарық беруші жабдықтар орнатылды. 

Жаңартылған соң әскери ұшақжайдың мүмкіндігі артты. Бұл сипаттамалар ұшу алаңына тек әскери авиацияны ғана емес, басқа да жүк көтергіштігі жоғары әуе кемелерін қабылдауға мүм­кіндік берді.

Бұрын хабарланғанындай, Талдықорған гарнизонындағы әскери ұшақжайды жөндеу жұ­мыс­тары 2013 жылғы сәуір айын­да басталған болатын. Жөн­деу жұмыстары кезінде авиа­ба­заның жеке құрамы мен авиациа­лық техникасы «Жетіген» ұшақ­жа­йы­на көшірілді. Мұнда әскери қыз­метшілер берілген тапсырмалар мен еліміздің әуе шебін қорғауды жалғастырды.

Әскери бөлімнің ұшу және техникалық құрамы негізгі авиа­базадан жырақта  жүрсе де Қазақстан Қарулы Күштері авиа­циясы тартылған барлық жаттығуларға қатысуда белсен­ділік танытты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар