Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Семейде металл өңдейтін цех өртенді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 тамыз күні сағат 07:37 шамасында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне шаһардағы ЖШС-лардың бірінде өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде металл өңдейтін цех өртенді

Жалын металл өңдейтін цехтен шыққан.

«Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде киім ауыстыратын бөлмедегі ағаш шкафтар жанып жатты. Сондай-ақ цехтың ішін түтін тұмшалап алған. Өрт сөндірушілер көп ұзамай 30 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.

Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарының апаттық режимінен немесе өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болуы мүмкін», деп хабарлады ведомство өкілдері.