Қазақстан • 10 Тамыз, 2021

Қазгидромет бес өңірде дауылды ескерту жариялады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет Қазақстанның бес облысында ауа райы болжамына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz

Қазгидромет бес өңірде дауылды ескерту жариялады

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қаласында күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.