Экология • 10 Тамыз, 2021

Шарын ұлттық паркінде экорейд өтті

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Табиғат тағдыры біздің қолымызда!» атты экорейд өткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Шарын ұлттық паркінде экорейд өтті

Экоакция барысында аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, келушілерге туристік маршруттарда санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы түсіндірме парақшасы таратылды.

Шараға парк қызметкерлері, Алматы облысы Ұйғыр аудандық полиция бөлімшесі қызметкерлері мен еріктілер атсалысты. Сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева да қатысты.

«Табиғат – біздің үйіміз, байлығымыз. Адам өз үйін таза ұстайды, ауласын тазалайды. Сондықтан табиғатқа да осылай қарау керек», деді Р. Рымбаева.

«Рейд кезінде туристің белгіленбеген жерге қоқыс тастау фактісі тіркелді. Инспектор әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Сонымен қатар, туристерге саябақта өзенге шомылуға  тыйым салынғаны туралы ескертілді», деп жазады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.