Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Қарағанды тұрғыны жол өткелінен секірмек болды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда полицейлер жол өткелінен секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды тұрғыны жол өткелінен секірмек болды

9 тамызда Қарағанды қаласында сағат 14.30 шамасында полицейлер патрульдеу бағытында жүрген кезде, Бұқар Жырау даңғылындағы жол өтпесінен секіруге тырысқан ер адам туралы хабарлама келіп түсті.

«Үш минуттан кейін біз оқиға орнына жетіп, жол өткелінің шетінде тұрған азаматты көрдік. Ер адамның суицид жасауына бір ғана қадам қалған. Төменде теміржол жолдары, ал жоғарыда кернеулі байланыс сымдары бар. Мен қоршаудан өтіп, оның жанына барып, сөйлесуге тырыстым. Ол бұл қылыққа отбасылық мәселелер себебеп болғанын айтты. Мен өз атымды атадым, қолымды создым, оған жалғыз емес екенін айтқым келді. Ол да қолын соза бастады, сол сәтті пайдаланып, оны мықтап ұстап, серіктесіммен бірге қоршаудан сүйредім», деді полиция қызметкері Рауан Оразбеков.

Құтқарылған азамат Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкері өткен жылы әріптестерімен бірге сол көпірде өзін-өзі өлтіргісі келген қызды құтқарғанын айтты.