Медициналық-емдеу мекемелерінің арасында аурасы мен моралдық-психологиялық ахуалы өте ауыр орындардың бірі – онкология диспансері. Халқымыздың дені көп жағдайларда ағзасында пайда болған онкологиялық дерттердің алғашқы белгілерін онша елемей, дәрігерге қаралмай жүре беретіні жасырын емес.

Тіпті ағайындарымыздың арасында «қайтер дейсің, жел-құс, салқын тиген шығар, бір терлесем кетеді ғой», деп арқаны кеңге салатындар да аз емес. Сөйтіп жүргенде атың өшкір ауру одан әрі дендеп, үшінші, тіпті төртінші стадияға ауысып кетіп жатады. Әрі алғашқы сатысында аталған дерт адамға айтарлықтай байқала бермейді екен. Жайбарақаттың бір ұшы осында секілді. Ал кейін олардың жаны қиналған кезде бәрі де кеш болатыны бесенеден белгілі.
Мұндай сатыдағы ауыр сырқаттардың соңғы демі бірқатар жағдайда онкологиялық диспансерде үзілетіні де ешкімге құпия емес. Болды, бәрі де бітті... Бұдан кейін онкодерт салдарынан қайтыс болған адамды жерлеуге қатысты абыр-сабыр қимылдар басталып кетпей ме? Бұған онша сабылып, қиналудың қажеті жоқ секілді. Өйткені Орал қаласындағы Алматы көшесінің бойында орналасқан облыстық онкологиялық диспансердің тұп-тура, түбі мен іргесінде өлікті жерлеуге қатысты салт-жоралар қызметі орналасыпты. Әрине, ешкім де мәңгілік емес, өмір бар жерде өлімнің, қазаның болуы – табиғи жәйт. Тіпті әлгіндей мәйітті жөнелтуге қатысты қызмет көрсететін орындарды да қажетсіз дей алмайсың.
Солай дей тұрсақ та, оны ел-жұрт бұған дейін «жаман ауру» деп атап кеткен ауыр дертпен алысумен бірге санасын «осыдан о дүниеге кететін шығармын» деген ауыр ой қаумалаған адамдар емделетін медициналық мекеменің іргесінен ашудың қандай қажеттілігі бар еді? Мұндай шешім қандай қисынға сәйкес келеді? Әлде бұл «өлсеңіз – біздің қызметіміз әзір» деген тұспал ма? Мұны бұл арадан сәл қашығырақ жерге орналастыруға болмас па еді? Онкология диспансерінің тұсынан өтіп бара жатқан кезде көкейге келген ойым мен осындай сауалдарды газет оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрдім. Олар бұған не дер екен?
Темір ҚҰСАЙЫН,
журналист
Орал
Суретте: Онкология диспансерінің іргесінде орналасқан жерлеу рәсімін жүргізу орны
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Ұқсас жаңалықтар