Әдебиет • 11 Тамыз, 2021

Абайдың кітаптары Бельгия Королінің кітапханасына сыйға тартылды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі Абайдың француз тіліне аударылған қара сөздер жинағын Король кітапханасының қорына сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Абайдың кітаптары Бельгия Королінің кітапханасына сыйға тартылды

Бельгия тарапына қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың өмірі мен оның бельгиялық әйгілі ақын Гвидо Гезелге ұқсас құндылықтары туралы ақпарат берілді.

Қазақ ақынының француз тіліндегі «Қара сөздері» де Брюссельдегі муниципалды кітапханалар мен мектептерге сыйға тартылды.

Бельгия Королінің кітапханасы 1837 жылы құрылған және елдегі ең үлкен кітапхана. Кітапхана қорында 6 миллионнан астам том кітап бар.