Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Таразда полиция бөлімінен өрт шықты

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласының полиция бөлімінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таразда полиция бөлімінен өрт шықты

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру мекемесінің 101 телефон нөміріне Тараз қаласы Абай көшесі, 280 мекенжайында орналасқан қалалық №2 полиция бөлімінде өрт оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Шақырту бойынша оқиға орнына Тараз қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының күш-құралдары жетті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 өрт сөндіру техникасы мен 46 адам жұмылдырылды. Өрт сөндіру барысында су беруге арналған 5 қол оқпаны қолданылды. Сондай-ақ оқиға орнында газ-түтіннен қорғау 3 тобы құрылып, өрт сөндіру жұмысын атқарды», делінген ведомство хабарламасында.

Өрт дереу оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта материалдық шығын көлемі мен өрттің себептері анықталып жатыр.