Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержановтың мәліметінше, жыл басынан бері 22 адам суға батып, жантәсілім еткен.
«Суға батқандардың арасында 7 бала бар. Өткен аптада екі адам суға батып кетті. Оның бірі – Махамбет ауданында, екіншісі Атырау қаласында Жайыққа батты. Ал, 9 тамызда Қызылбалық ауылында Жайық өзеніне батып кеткен 1969 жылы туған ер адамның денесі іздестіріліп жатыр», дейді Асхат Ержанов.