Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Түркістан облысында жанармай бекетінің қызметкері есірткімен ұсталды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жанармай бекетінің қызметкерінен марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жанармай бекетінің қызметкері есірткімен ұсталды

Созақ АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторынан есірткі заттарын сақтаудағы күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлама түсті. Күдікті жұмыс істеп жатқан жанармай бекетінің біріне барған учаскелік полицей есірткі заты салынған түйіншекті тауып алады.

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі затының жалпы салмағы 2 грамнан асатын «марихуана» есірткісі болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.