Оқиға • 11 Тамыз, 2021

Семейде жеке үйден өрт шықты

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде жер үй өртеніп кетті. Үй иесіне қатысты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде жеке үйден өрт шықты

Бұл туралы Semey News мәлімдеді.

10 тамызда 1-Водный кентінде жер үй өртенді. Жалпы ауданы 28 шаршы метр, төбе қаптамасының ағаш конструкциясы, терезе бөліктері, жиһаздары, жеке заттары мен тұрмыстық техникалары өртенді.

Үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБ туралы ҚРК 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.

Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.