Экономика • 11 Тамыз, 2021

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының құбылу себебін түсіндірді

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңге бағымына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының құбылу себебін түсіндірді

«Биылғы жылғы шілдеде теңге бағамы мұнай бағасының өсуі аясында бір АҚШ доллары үшін 424,45 теңгеге дейін 0,7%-ға нығайды. Шілде айындағы құбылмалылыққа қарамастан, мұнай бағасын белгілеу 76,33 АҚШ долларына дейін 1,6 пайызға өсті. ОПЕК+ тамыздан бастап мұнай өндіруді ай сайын ұлғайту туралы уағдаластыққа келісуі, сондай-ақ АҚШ-тағы қорлардың төмендеуі және отынға сұраныстың өсуі туралы деректер мұнай бағасын қалыптастыруға ықпал еткен негізгі факторларға жатады», деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, трансферттер бөлу үшін Ұлттық қор активтерін конвертациялау, квазимемлекеттік сектордың 480 млн АҚШ доллары сомасына сатылымдары және экспорттаушылардың салық төлемдері кезеңінде биржалық нарықта валюталық түсімді конвертациялауы теңгеге қосымша қолдау көрсетті.

«Биылғы жылғы тамыздың басынан бастап коронавирустың дельта-штамымен аурудың өсуі аясында жаһандық экономиканың перспективалары бойынша белгісіздікке байланысты мұнай нарығында қысым күшейе түсті», деді ҰБ басшысы.

Досаевтың айтуынша, мұнайдың құбылмалылығы және тәуекел-сентименттің өзгеруі теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсетәп отыр.