«Бірінші, әкімдіктер бизнес субъектілерінің үстеме ақылар мен шекті бағалардан асып кетуіне жол бермеуге мониторинг пен бақылауды күшейтуді, сондай-ақ өңір тұрғындарына белгіленген шекті бағалар туралы хабарды дер кезінде жеткізуді тапсыруды сұраймын», деді министр.
Екінші, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасында тауар жеткізу жөнінде нақты өңіраралық кооперацияны қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларына тауарларды өзара жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ережелерге өзгерістер енгізу керек болады.
Үшінші, қыркүйек пен желтоқсан аралығында шекаралас елдер тарапынан көкөніске деген сұраныстың артуы байқалады. Өнімнің бақылаусыз елден шығарылуы орын алған жағдайда, осы тауарлар экспортын квоталауды енгізу қажет.
Төртінші, көкөніс пен жеміс-жидек қоймаларының физикалық және моральдық тұрғыдан ескіргенін ескере отырып, инвестициялық субсидиялау нормасын 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайту қажет. Бұл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау аясында қажет және бизнесті ынталандыруға, егінді жеткілікті мөлшерде сақтауға және бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.