Білім • 11 Тамыз, 2021

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?

4290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі шығатын мерзімді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?

«Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті. Отырысты орынбасарым Қуаныш Ерғалиев өткізді. Қазір комиссия отырысы өтіп жатыр. Тамыздың 15-іне дейін бұл жұмыс аяқталады деп күтілуде. Содан кейін әдеттегідей тағайындау қорытындысын жария ететін боламыз», деді Асхат Аймағамбетов отандық интернет басылымға берген сұхбатында.

Айта кетсек, биыл Президент тапсырмасымен гранттардың жалпы саны 5 мыңға артып отыр. Яғни, өткен жылы білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін артты.

Мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген. Осы жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37