«Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылардың ең көбі елордада тіркелді. Нұр-Сұлтан станциясында 121 адам анықталды, «Нұрлы жол» станциясында да осынша адам карантин ренжимін бұзған.
«Қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар вокзал ғимаратына кіргізілмейді. Ереже бұзушылар туралы ақпарат станциядағы СЭС қызметкерлеріне беріледі. Олар уәкілетті орган бекіткен алгоритмге сәйкес тиісті шараларды қабылдайды», делінген хабарламада.
ҚТЖ жолаушыларға өз мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды.