«Ересектерден бөлек коронавирус ауруы балалардың арасында да жиі кезедесе бастады. Қазіргі таңда елордада 74 бала стационарда ем қабылдап жатыр, оның ішінде 7 баланың жағдайы ауыр. Өткен тәулікте 12 бала ауруханаға түсті. Одан бөлек, 834 бала амбулаторлы түрде ем алып жатыр», деді Тимур Мұратов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Басқарма басшысының мәліметінше, елордада жыл басынан бері коронавируспен 10 мыңнан астам бала ауырып шықты.
«Әсіресе вирусты жұқтырушылар жаз мезгілінде өсіп отыр. Маусым айынан бастап балалар вирустың айқын клиникалық белгілерімен түсе бастады. Бұл улану, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, катаральды көріністер де болуы мүмкін. Балалардың отбасындағы екпе алмаған адамдармен байланыстан соң ауыра бастағандығын атап өткім келеді. Яғни, вакцина алмаған азаматтар вирусты өз балалары мен жақындарына жұқтырады», дейді ол.