«12 тамыз күні, Мәскеу уақытымен сағат 00.50-де Кроноцкое қорығының Курильск көлі аумағында «Витязь-Аэро» компаниясының Ми-8 тікұшағы жерге қатты қонғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, бортта 13 турист пен 4 экипаж мүшесі бар. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының тікұшағы мен Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы аттанды», деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі Камчатка бойынша Мемлекеттік басқармасының баспасөз қызметі.
Тікұшақтан зардап шеккендерге көмектесу үшін Камчатск өлкесіндегі іздестіру-құтқару жұмыстарына 45 адам мен 8 техника жұмылдырылды.